Сен нейрожелілермен өз командаңмен жұмыс істегендей әрекет етуді продакт-менеджер сияқты ойлап, шешім қабылдауды үйренесің: дұрыс сұрақтар қоясың, ЖИ-ге нақты тапсырма бересің және нәтижесін тексересің. Мұндай жұмыс деңгейі өнім архитектурасы деп аталады — біз саған дәл осыны үйретеміз.
(заманауи командалардағы менеджерлер қолданатын құралдар)
Бір ЖИ-агент нарықты зерттеп, идеялар ұсынады, екіншісі дизайн жасап, код жазады. с Ал сен олардың жұмысын біріктіріп, шешім қабылдайсың және өнімнің дайын прототипін аласың.
Стартап құру үшін саған үлкен қызметкерлер штаты қажет емес.Сен ЖИ көмегімен жұмыс үдерістерін автоматтандыратын жүйелерді баптайсың. ЖИ-агенттер көрсеткіштерді қадағалайды, есептер дайындайды, гипотезаларды тексереді, және тұтас бір команданың жұмысын атқарады.
Бұрын өнімді іске қосу миллиондаған қаражатты талап ететін, себебі оған тұтас команда қажет болды. Ал ЖИ көмегімен сен бизнесті жалғыз өзің құрып, шығынды бірнеше есе азайта аласың. Бұл — басқа колледж түлектерінде бола бермейтін мүмкіндіктерге жол ашады.